Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия тәрбиеленушілері Viva Astana балалар фестивалінің І-дәрежелі лауреаттары атанды

22-25 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Viva Astana балалар фестивалі өтті. 

Viva Astana – бұл балалар мен жаспөспірімдер шығармашылығының халықаралық конкурс-фестивалі. Фестиваль  жалпы мәдени және ақпараттық кеңістікті сақтауға, Қазақстанда және шетел елдерінде балалар мен жастар фестивальдік қозғалысын дамытуға шақырады. Фестивальдің басты мақсаты – балалар мен жастар үшін шығармашылық қарым-қатынас орнату мүмкіндігі, жас таланттарды айқындау, әртүрлі елдердің ұлттық мәдениет және өнер үлгілерімен  танысу. 

Фестиваль «Вокалдық өнер», «Хореографиялық өнер», «Аспаптық өнер» және «Өзіндік өнер» номинациялары бойынша өтті.

«Аспаптық өнер» номинациясында Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары  Мухтарова Сабина және Шкибаева Камила І-дәрежелі лауреаттар атанып, грамота және медальдармен марапатталды!

Жетекшілері: Бикенова Айгуль Сергеевна және Бабакова Елена Владимировна

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, толағай табыстар тілейміз!

Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

Яндекс.Метрика