Altynay-Asylmuratova-399x600

Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Әлемдегі ең жас хореография академиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Біздің мақсатымыз – біліктілігі жоғары балет әртістерін дайындаумен қатар әлемдік сахнада Қазақстанды жоғары деңгейде көрсете алатын білімді, жоғары мәдени, рухани қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеу.

Біздің көздегеніміз – ең үздік классикалық дәстүрлермен ұлттық мәдениеттің бірегей қайталанбас элементтерін ұштастыра отырып мәдени бренд – отандық балет мектебін қалыптастыру.

Би өнерінің бөлшегімін деп сезінген барша қауымға біз ашықпыз! Біз талапкерлер мен ата-аналарға, студенттер мен магистранттарға және Академия өміріне қызығушылық танытқан баршаңызға қажетті ақпаратты ұсынады.

Біздің талпынысымыздың арқасында Сіз ұлы да ғажайып би өнеріне жақындай түсесіз деген сенімдемін!

   Асылмұратова Алтынай Абдуахимовна




САУАЛДАР

Серікбол - 10.04.2019

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менің қызым 3 қазақ сыныбында оқиды.  Степногорск қаласынанбыз. Өткен аптада мектепте атаулы оқу орнына іріктеу жүргізіліп, менің балам ғана талаптардан  өткен. Егер балам түсіп кетсе, жатақхана беріле ме? (Баламның аты – Жанаева Мадина)

Жауап: Сәлеметсіз бе! Баланыз барлық 3 турдан өтіп Академияға оқуға қабылданған жағдайда міндетті түрде интернаттан орын беріледі. Толық ақпаратты 798-542 немесе 798-589 телефон арқылы алуыңызға болады.

123 - 09.04.2019

Сұрақ: Salamatsyzba suragim bar edi. 2018 kolledzh bitirdim. Mamandygym sizderge saikes emes. Birak baska mamandykpen okygym keledi. Tusuge mumkindik barma. Okigim keledi.

Жауап: Салеметсіз бе, Колледжден кейін «Арт менеджмент» және «Хореография педагогикасы»  мамандықтарына құжат тапсыруыңызға болады. Оқу мерзімі 3 жыл. Толық ақпаратты  798-843, 790- 844 нөмірлері арқылы ала аласыз.

Яндекс.Метрика