Қабылдау комиссияларының байланыстары

 1) Дене шынықтыру бойынша нұсқаушы.

Талаптары: техникалық және кәсіптік немесе жоғары медициналық, дене шынықтыру білімі, мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы сертификат, аталған мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Кәсіби білімі мен дағдылары:

– дене анатомиясының, физиологиясының және патофизиологиясының негіздері, жас физиологиясы, әртүрлі аурулармен емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу әдістемесі, емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, емдік дене шынықтыруды жүргізу кезіндегі ықтимал асқынулар, олардың алдын алу және жою шаралары.

Лауазымдық міндеттері:

  емдік және гигиеналық гимнастикамен жеке және топтық сабақтар өткізуді жүзеге асырады, дене жүктемесімен функционалдық сынамалар жүргізеді, дене дамуын, дене еңбегіне қабілеттілігін, сыртқы тыныс алу, жүрек–қантамыр жүйесі, жүйке-бұлшықет аппараты функцияларын емдік дене шынықтырумен айналысу кезінде бағалайды; дәрігермен бірлесіп емдік гимнастика схемаларын және жеке дене жаттығуларының кешендерін әзірлейді; білім алушылардың дене шынықтырумен және сабақ өткізгеннен кейін; шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетеді; санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге қатысады; емдік дене шынықтырумен топтық және жеке сабақтарға арналған залдың жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

HR@balletacademy.kz электрондық поштасына түйіндемелерді жолдау қажет.

Байланыс телефондары:
+ 7 7172 790847
+ 7 7172 798557
HR@balletacademy.kz

Яндекс.Метрика