Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия репертуарындағы тағы бір нөмір

2018 жылдың 20-24 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаты, балет әртісі, қоюшы-хореограф Анна Цой төменгі сынып оқушыларымен бірге жаңа нөмірдің қойылымымен жұмыс жасады.
Төменгі сынып оқушылары қимылдардың икемділігі мен әсемділігін, үйлесімділігін жетілдіреді, би негіздері туралы бұрын алған білімдерін бекітеді. Оқытудың осы кезеңінде би дағдылары, шығармашылық ойлау, музыкалық қабілет пен мәнерлілік дамиды. Бұдан басқа, кішкентай бишінің бойында денені еркін сезіну қасиеті, қимылдардың дәлдігі мен жылдамдығы дами бастайды. Осы білімді бекіту үшін жас әртістерге сахналық практика қажет. Би нөмірлерін қою жұмысы оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Анна Цой – балет әртісі, қоюшы-хореограф, көркем гимнастикадан спорт шебері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаты.

Яндекс.Метрика