Нұрлан Канетов Казань қаласында «Алтын Орда» балетінде басты рөлдердің бірін орындады

10 және 11 шілдеде Мұса Жәлел атындағы Татар мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында «Алтын Орда» спектаклі өтті.

Балетте құдыретті әрі бай Алтын Орда кезеңі баяндалады… мұнда шайқастар және әсерлі думан-тойлар, және махаббат майданы көрсетіледі. Спектакльдің басты кейіпкерлері Тоқтамыш — Алтын Орда ханы, оның кеңесшісі Уәзір, Мырза — ханның жеңімпаз қолбасшысы, хан сарайында бірге өсіп,  тәрбиеленіп жатқан Жанике — Тоқтамыш ханның қызы және Нұрадин — Мырза қолбасшының ұлы.

Балеттегі негізгі және басты рөлдердің бірі хан кеңесшісі – Уәзірдің рөлін Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Ресей Федерациясының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Душа танца» сыйлығының лауреаты,  Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Академиямыздың Хореография факультетінің деканы Нұрлан Исмағұлұлы Канетов орындады.

Казаньдағы театр көрермендері «Алтын Орданың» ғажайып әлеміне саяхат жасап, тамаша күй кешті.

Нұрлан Исмағұлұлын құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

Яндекс.Метрика