Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Nur Otan” партиясының кезектен тыс XIX съезінің кандидатурасы ұсынылды

Бүгін, 2019 жылғы 23 сәуірде өткен “Nur Otan” партиясының кезектен тыс XIX съезінде Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап белсенділік танытып, мемлекет басшысы ретінде көптеген игі бастамаларды қолға алды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының ерен еңбегін жоғары бағалап, Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп атау туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, облыс орталықтарындағы басты көшелерді Тұңғыш Президенттің есімімен атауды ұсынды.
Елдің әлеуметтік жағдайы да Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалған жоқ. Еңбекақысы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсіру туралы жарлыққа қол қойды.
Елімізде мемлекеттік-әлеуметтік саясатты жан-жақты қолдап және жүзеге асыруға бағытталған жоспарларды іске асыру бойынша бастамалары қоғам тарапынан қолдау табуда.
Қазақстан халықаралық деңгейде жаңа сатыға көтерілуі үшін жаңа көзқарасты талап етеді. Ішкі тұрақтылық пен келісімнің, ұлттық бірліктің мызғымастығы салтанат құрған Қазақстан үшін елді басқаруға жаңа идеялары бар тұлға қажет.
Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы сайлауға саналы түрде қатысып, ел тізгінін ұстар басшымызды таңдауға жауапкершілікпен белсене атсалысады.
Сындарлы да икемді саясат ұстанған елімізде өткелі отырған сайлауды толық қолдап, ең бастысы – еліміздің тыныштығы мен жұртымыздың амандығын тілейміз!

Құрметпен,
Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымының атынан
Бірінші проректор Нусипжанова Б.Н.

Яндекс.Метрика