Қабылдау комиссияларының байланыстары

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

2019 жылы 12 ақпанда «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» республикалық акциясы аясында Академияның кәсіптік білім беру мектеп – колледжі студенттері ювеналды полиция, Есіл ауданының прокуратурасы және Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайларда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту болды. 

Кездесу барысында білім алушылардың алдында Есіл ауданы ІІБ полиция капитаны Кемелбаева Аида Айдарқызы, ТЖД МӨББ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Заку Диас Кенжебекұлы сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөзінде жасөспірімдер арасында кең тараған құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жастардың көпшілігі өздерінің заңға қарсы әрекеттерінің ауыр немесе түзетуге қиын салдарын түсінбейтінін атап өтті. Іс-шара соңында оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде, атап айтқанда өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.

Сондай-ақ аудитория назарына Қазақстандағы ТЖ департаментінің жұмысы туралы бейнеролик ұсынылды. Кездесу қатысушылары жасөспірімдер арасында жасалатын құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу мен қалалық құтқару қызметтерінің жұмыс істеуіне қатысты сұрақтарын қойды.

 

Яндекс.Метрика