Медициналық көмек көрсету және профилактикалық іс-шаралар үшін Академияның барлық білім алушыларына білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Ауданы 532 шаршы метрді құрайтын медициналық блок қажетті медициналық жабдықпен жабдықталған және оның құрамында:
– педиатр кабинеті;
– ортопед кабинеті;
– процедура кабинеті;
– массаж кабинеті;
– ЕШК кабинеті;
– физиокабинет;
– изолятор бар.

Тәжірибелі, кәсіптік медициналық қызметкерлер мынадай мамандықтар бойынша қабылдайды:
– педиатр Аманкулова А.А.,
– ортопед Журтубаев Т.Н.,
– дәрігер-невролог Касымова С.Б.,
– балалар гинекологы Мамбетова А.И.,
– ЕШК дәрігері Дюзельбаева Б.Т.,
– дәрігер-диетолог Шайкенова С.К.,
– массажист-инструктор Смаилова А.О.,
– педагог-психолог Маликова Д.Г.,
– мейірбикелер Инжбек А., Смагулова Л., Ибрагимова Л., Аскерова А., Исмайлова А.Ж.

Медициналық қызметкерлер емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын өткізеді:
– алғашқы жедел жәрдем көрсетеді,
– профилактикалық тексерулер өткізеді,
– санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізеді,
– диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, оқушылардың дене тәрбиесін қадағалайды.

Білім алушылардың дене дамуын бағалау үшін антропометриялық деректер үлкен рөл атқарады, бұл оқу жылы ішінде үш рет өткізіледі. Антропометрияны өткізу кезінде мынадай көрсеткіштердің өлшемдері анықталады: салмақ, тұрғандағы және отырғандағы бойы, бастың, иықтың, тыныс алу және тыныс шығару кезінде кеуде қуысының өлшемі, бел мен мықынның көлемі. Бұл деректер білім алушылардың оқу жылы бойындағы физикалық деректерін салыстыру үшін академияның электронды журналында тіркеледі.

Басқа қаладан келген, Академияның интернатында тұратын балаларға тәулік бойы медициналық көмек көрсетіледі және медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында болады.

Ауырған кезде ағзаны тезірек қалпына келтіру үшін физиоемдеу жүргізіледі. Гальванизация және электрофорез, ультрадыбыстық терапия, магнитотерапия «Полимаг-02» және УВЧ терапия және төмен жиілікті терапия үшін УКС аппараттары (ультракүлгін сәуле түсіру) бар. Үлкен, жарық ЕФК залында мүсіннің бұзуылын түзету, алған жарақаттардан кейін қайта қалпына келтіру және оңалту бойынша сабақтар өткізіледі.

Педагог-психолог білім алушылардың психологиялық даму аспектілерін және жеке дамуына кедергі келтіретін факторларды талдай отырып, олардың психоэмоциялық күйін қадағалайды, білім алушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға оқу үрдісімен байланысты нақты проблемалар бойынша консультациялар береді. Білім алушыларға психологиялық қолдау және сүйемелдеу көрсетеді.

Дәрігер-диетолог ас мәзірін құрастырып, азық-түліктердің дұрыс салынуын және дайын өнімнің бракеражын, азық-түліктердің сапасын, тамақ өнімдерінің дұрыс сақталуын, асхана жұмысын және санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қадағалай отырып, пайдалы және дұрыс тамақтану үшін жауап береді.

Бөлім басшысы
Латышева Татьяна Михайловна
8 (7172) 798 566

Яндекс.Метрика