Қабылдау комиссияларының байланыстары

Legends of MOVIE

2018 жылдың 23 қарашасында Академия студенттері үшін тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі Жастар істері жөніндегі комитетпен бірлесіп Халықаралық студенттер күніне арналған «Legends of MOVIE» би-сауық кешін өткізді.
Мерекелік дискотекада вокалдық, сонымен қатар хореографиялық нөмірлер көрсетілді, атап айтқанда: Арман Ұзақбаевтың орындауында Namra One «Cucci did» әні, Нұржан және Нұрбол Есеевтердің орындауында «Заманауи әндер поппуриі – 2018», Ляззат Құрмантаеваның орындауында «Rude boy», «Vоgue» стиліндегі би және басқа нөмірлер. Дискотека жүргізушілері Азирхан Ауезханов және Айсұлтан Мұратбайдың би конкурстары, викториналар, лотереяларды өткізуімен жайдары әрі жағымды атмосфера қалыптасты. Диджей Біржан мен Нұрбол белгілі заманауи хиттармен қатысушылардың көңілін көтерді.
«Legends of MOVIE» күнделікті студенттік өмірдегі жағымды сәттердің бірі болды.

Яндекс.Метрика