Қабылдау комиссияларының байланыстары

La petite fleur» эстетикалық даму студиясы мен Шығармашылық шеберханасына қатысушылардың есептік концерті

2019 жылғы 23 мамырда Академия жанында құрылған «La petite fleur» эстетикалық даму  студиясы мен Шығармашылық шеберханасына қатысушылардың есептік концерті өтті.  

Оқу жылы бойы қаладағы әртүрлі мектептердің оқушылары сабақтан тыс уақытта Академияда қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болды.  Бұл бағдарламалар жан-жақты дамуға септігін тигізіп қана қоймай,  сондай-ақ баланың шығармашылық жеке даралығын арттыруға ықпал етеді және жеке тұлғаның эстетикалық, адамгершілік өсуі үшін жағдайлар жасайды. 

Есептік концертте  «La petite fleur» эстетикалық даму  студиясы мен Шығармашылық шеберханасының қатысушылары ата-аналарының алдында  өздерінің оқу жылы ішінде дайындаған әртүрлі концерттік нөмірлерін көрсетті.

 Іс-шара біздің оқытушыларымыздың, балалардың және ата-аналардың арқасында жоғары деңгейде өтті.

Концерт жақсы әсер қалдырғаны үшін бәріне үлкен алғыс айтамыз!

Яндекс.Метрика