Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау хат

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.К. Тоқаевқа

Аса Құрметті Қасым – Жомарт Кемелұлы!

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ел игілігі үшін атқаратын еңбегіңізге зор табыстар тілейміз!

Сіздің мемлекет пен халыққа қызмет ету ісіндегі жоғары біліктілігіңіз, мол тәжірибеңіз, халықаралық аренадағы беделіңіз, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білдірген сенімі мен халық таңдауы Сізге Қазақстанның экономикасы мен мемлекеттілігін одан әрі дамытып, нығайту міндетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сіздің басшылығыңызбен халық игілігі үшін жүзеге асырылатын ел дамуының нақты 9 бағыты – жаңа әрі маңызды табыстарға қол жеткізетініне сенімдіміз және Сізді әрдайым қолдаймыз.

Өзіңізге жүктелген теңдессіз міндетті орындау жолында Сізге мықты денсаулық және жұмыста табыс тілейміз. Қазақстан Республикасына қуаттылық пен өркендеу, ел халқына бақыт пен игілік тілейміз.

Ізгі ниетпен,
Қазақ ұлттық хореография
академиясының ұжымы

Яндекс.Метрика