Қабылдау комиссияларының байланыстары

Құрметті ата-аналар!

Егер Сіздің балаңыз балет әртісі мамандығын таңдаған болса, бұл бөлім тек Сіздер үшін!

Сіздердің назарларыңызды келесіге аударамыз:  

  • мамандықты меңгеру Академия басшылығы мен оқытушыларына ғана емес, сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) үлкен жауапкершілікті жүктейді;
  • білім алушылармен өткізілетін сабақтардың көлемдері мен жүктемелер оқытудың кәсіптік мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді;
  • Академия оқушылары бейіндік пәндерден ғана емес, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша толыққанды білім алады;
  • 02150700 «Хореографиялық өнер» мамандығы, 4S02150701 – Балет әртісі, 4S02150702 – Би ансамблі әртісі біліктіліктері бойынша оқуды аяқтаған соң Академия оқушылары техникалық және кәсіптік білім туралы диплом алады;
  • 02150700 «Хореографиялық өнер» мамандығы, 4S02150701 – Балет әртісі біліктілігі бойынша оқушылар 9 сыныпты аяқтағаннан кейін негізгі орта білім туралы аттестат алады;
  • оқуды аяқтағаннан кейін Академия түлектері сәйкес келетін немесе басқа бағыттағы жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыра алады.

Тұрғын үй блогына орналасу мәселелері бойынша 8 /7172/ 798 572 телефонына хабарласуға болады

Әлеуметтік көмек ұсыну мәселелері бойынша 8 /7172/ 798 578 телефонына хабарласуға болады

Шетелдік азаматтарды тіркеу мәселелері бойынша 8 /7172/ 790 855 телефонына хабарласуға болады

Сабақ кестесін, сонымен қатар балалардың жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгерімін https://kundelik.kz/ сайтынан тексере аласыз.

Балалардың бейіндік пәндер бойынша үлгерімін Сіз http://95.141.137.22 сайттан тексере аласыз

Ұсынылған ақпарат Сіздің балаңыздың жетістікке жетуіне көмектесетініне сенеміз.

Біз туралы жаңалықтарды келесі әлеуметтік желілерден қараңыз:

instagram
facebook
youtube

 

Яндекс.Метрика