Академиядағы ақпараттық киоск
Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу және балет корпустарының 1-қабатында ақпараттық киоск орнатылған.
Ақпараттық киоск – бұл қолданылуы өте қарапайым арнайы жабдық, оның көмегімен оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін ақпарат беруге болады.
Сенсорлық экранда кез келген адам Академия, басшылық, оқуға түсу туралы мәліметтерді, сондай-ақ галереядан фотосуреттерді көре алады.