Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының түлектер кеші

Балет – жастық шақтың, сұлулықтың және асқан әдеміліктің синонимі. Оған «Астана Опера» театрында салтанатты және таңдаулы түрде өткен Қазақ ұлттық хореография академиясының түлектеріне диплом тапсыру рәсімі куә. Ресми бөлімнен кейін есеп бойынша 3-ші түлектер кеші жалғасты және балеттің жас әртістері, оқытушылар мен ата-аналар қалықтаған Иоганн Штраустың вальсімен аяқталды.

Салтанатты іс-шараның ең қобалжу сәті – Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, Ресей Федерациясының халық әртісі, Ресей Федерациясы мемлекеттік сыйлығының иегері – Алтынай Абдуахимқызы Асылмұратованың қолынан диплом алу болды, түлектерге дипломдарын табыстап, оларды оқуды аяқтауымен құттықтады және ақ жол тіледі.

Мәдениет және спорт министрі – Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова құттықтап келді, әрбір студенттің Қазақстанның мәдениетінің дамуына ғана емес, жалпы әлем мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосуларының маңыздылығы мен мәнін атап өтті. Сондай-ақ, түлектер кешіне «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының премьері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бахтияр Адамжан құттықтау сөз сөйледі.

Академия түлектерін құттықтаймыз және ақ жол тілейміз!

Яндекс.Метрика