Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің білім беру бағдарламасы (хореография өнерінің кәсіпалды бағдарламасы) бойынша  «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ 1-3 сыныптарына оқуға түсуге арналған емтихандарға рұқсат алу үшін ата-аналардан (заңды өкілдерінен) өтініштер қабылдау басталды.

Қабылдау комиссиясына келесі құжаттар тапсырылады:  

1) Баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) іріктеуге жіберу туралы өтініші;
2) ЖСН көрсетілген (қоса берілген) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) Медициналық паспорт-түпнұсқа, бекітілген емхананың бас дәрігерімен куәландырылылған көшірмесін тапсыруға рұқсат етіледі;
4)  Амбулаторлық карта ф.112 (емханадан баланың даму картасы) – түпнұсқа (медициналық тексеруден соң қайтарылады);
5) 3×4 көлеміндегі 4 фотосурет.

Іріктеу турларының кестесі

Сынып

 

Тур
I II – (мед.комиссия) III
1 сынып 18.06.2019 ж/ 9.00 с. 19.06.2019 ж./ 9.00 с. 20.06.2019 ж./9.00 с.
2 сынып 19.06.2019 ж./ 9.00 с. 20.06.2019 ж./ 9.00 с. 21.06.2019 ж./ 9.00 с.
3 сынып 19.06.2019 ж./ 14.00 с. 20.06.2019 ж./ 11.00 с.

21.06.2019 ж./ 9.00 с.

Түсу емтихандарының қорытындылары туралы ақпарат емтихан өткен күні Академияның ресми сайтында жарияланады және Академияның ақпараттық стендінде ілінеді.  

Іріктеу турларының шарттары

Iтур – талапкерлерді жеке тексеру және табиғи дене ерекшеліктері мен кәсіби қасиеттерін бағалау.
Киім формасы: сыртқы киімі ата-аналарының қалауына қарай, қыздар үшін – дене түстес іш киім, ер балалар үшін – қара іш киім. Қыздардың шаштары түйіліп тұруы тиіс.
I-тур нәтижелері бойынша оқуға түсушілер келесі сынаққа жіберіледі.

II-тур – медициналық комиссия.
Киім формасы: сыртқы киімі ата-аналарының қалауына қарай, қыздар үшін – дене түстес іш киім, ер балалар үшін – қара іш киім, шұлық, шәркей. Қыздардың шаштары түйіліп тұруы тиіс.  
Медициналық комиссия оқуға түсушінің денсаулық көрсеткіштерінің медициналық талапқа сәйкестігін тексереді және дене бітімінің күйін бағалайды.
II-турдың нәтижелері оқуға түсушілер келесі сынаққа жіберіледі. 

III-тур. Оқуға түсушінің музыка әуеніне қозғалу процесіндегі қозғалыс моторикасының үйлесімділік деңгейін бағалау. 
Киім формасы: сыртқы киімі ата-аналарының қалауына қарай, қыздар үшін – дене түстес іш киім, ер балалар үшін – қара іш киім. Қыздардың шаштары түйіліп тұруы тиіс. Оқуға түсушіге арнайы тапсырмаларды орындау ұсынылады. Мысалы, марш, галоп, полька, тебу, секіру  және басқа да күрделі емес қозғалыстар. Оқуға түсуші өзінің қалауы бойынша ұзақтығы 2 минуттан аспайтын алдын ала дайындаған биді немесе эпизодты орындай алады.
Барлық турлардан өткендердің қатарынан кәсіби қасиеттері және балы аса жоғары үміткерлер таңдап алынады.  Конкурстың қорытындылары туралы ақпарат 1 шілдеде ақпараттық стендте және Академияның сайтында жарияланады (balletacademy.kz). 

Академияда оқу үшін конкурстан өткендер келесі құжаттарды ұсынады:

– Түсушінің ата-анасының (заңды өкілдерінің) Академияға оқуға қабылдау туралы өтініші;
– ЖСН көрсетілген туу туралы куәліктің көшірмесі;
– Денсаулық паспорты (№ 026-у нысан) – түпнұсқа;
– Медициналық карта (063 нысан – егу картасы) – түпнұсқа;
– 3×4 көлеміндегі фотоcурет (4 дана);
– Отбасы құрамы туралы анықтама; 
– Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
– Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері;
– Мекенжай анықтамасы;
– Есептен шығару талоны (2,3-сыныптарға түсушілер үшін); 
– Үлгерім табелі (2,3-сыныптарға түсушілер үшін);
– Медициналық араласуға ата-аналардың ақпараттық ерікті келісімі;
– Бір жылға оқуға қабылдау туралы хабарлама;
– білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт.  

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар олардың мәртебесін анықтайтын тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжатты ұсынады.

Келесі телефондар бойынша анықтама алуға болады: 8 (7172) 798-570; 8 (7172) 798-542 ; 8 (7172) 798-589 (Дүйс.-Жұма 09:00-ден 18:00-ге дейін).

Яндекс.Метрика