Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия түлектерінің жұмысқа орналасуы

Қазақ ұлттық хореография академиясының түлектері мәдениет саласында сұранысқа ие мамандар. Мұны үш жыл қатарынан жоғары нәтижелерді көрсетіп келе жатқан жұмысқа орналасу статистикасы растап отыр. 

Біздің түлектер еліміздің «Астана Опера» театры, «Астана Балет» театры, «Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры» сияқты мәдениет ордалары мен жетекші хореографиялық ұжымдарға жұмысқа орналасады.

Академия түлектерінің сұранысқа ие болуы білім беру қызметтерінің сапасын көрсететінін атап өткен жөн. Бұл процестегі кепілдік – бұл біздің Академияның дипломы бар мамандарын жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілердің беретін бағасы.   

Сондықтан оқу жылы бойы «Хореография», «Режиссура» және «Хореография өнері» мамандықтарының бітіруші курстарының студенттері үшін  жұмыс беруші ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады,  осының нәтижесінде, оқу процесінің барысында бітіруші түлектер жұмысқа шақырулар алады.

Яндекс.Метрика