Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бастауыш білім беру. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы)

ҚР МСМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 604 бұйрығына сәйкес   бастауыш білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын іске асырады. Академияда білім беру дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы) балеттік гимнастика, музыкалық би, ритмика, көркем гимнастика сабақтарында 6-7 жастан басталады. Осының барлығы балет әртісі және би ансамбілінің әртісі мамандығын саналы түрде таңдауына  жас дарындардың санасын да, тәнін де дайындап, қалыптастырады.

Бастауыш білім беру бағдарламасы бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының толық және жан-жақты дамуын, балаларда оқуға тұрақты құштарлығын қалыптастыруды, оқу дағдылары мен шығармашылық әуелетін дамытуды көздейді. 

Яндекс.Метрика