Хореография факультеті 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні Хореография факультетінде 3 кафедра бар: педагогика кафедрасы, режиссура кафедрасы және концертмейстерлік шеберлік және музыкалық білім кафедрасы.

Хореография факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы тәжірибелі педагогтар мен сахна шеберлерінен құрылған, олардың ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар, ҚР еңбек сіңірген әртістері мен ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық конкурстардың лауреаттары, магистрлер мен ассистенттер.

Бүгін Хореография факультеті кәсіптік, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстың барлық бағыттары бойынша белсенді дамып келеді. Мұнда классикалық пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістері өзара әрекет етеді, инновациялық технологиялар, сонымен қатар ұлттық хореографияны оқытудың авторлық әдістемелері сынақтан өткізіліп, енгізіледі.

Декан: Канетов Нұрлан Исмағұлұлы
Деканның орынбасары: Кабдусова Дина Ерікқызы

Жұмыс телефоны: 8 7172/ 790 868
e-mail: kabdusova_d@balletacademy.kz

sample64

Педагогика кафедрасы

sample64

Режиссура кафедрасы

Яндекс.Метрика