Қабылдау комиссияларының байланыстары

Central Asian Dance Festival 2018

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және Қазақ ұлттық хореография академиясының қолдауымен ұйымдастырылған Central Asian Dance Festival Бірінші халықаралық фестивалі өткен демалыс күндері өз мәресіне жетті.

Билері ғана емес, сонымен қатар қатысушылары да қызықты әрі сан алуан болған фестиваль екі апта бойы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және АҚШ-тан келген бишілер мен хореографтардың басын қосты. Озық хореографтар хип-хоп, контемпорари, бродвей, модерн, джаз сияқты әр түрлі бағыттағы қарқынды шеберлік кластарын өткізді: Брэйни Уильямс, Кэтрин Пилкингтон және Дэл Фина. Бұдан басқа, қатысушылар хореографиядағы фото және бейнетаспаға түсірудің қыр-сырын меңгерді, сондай-ақ арт-менеджмент бағыты бойынша білім алды.

Орталық Азиялық би мерекесі, әрине кәсіби хореографтардың басын қосқан орталық болды. Фестиваль 60-тан астам биші қатысқан «The Falling Man» спектаклінің премьерасымен жабылды. Қойылымның авторы Пол Гордон Эмерсон. «The Falling Man» – кең байтақ Нью-Йоркте қандай тосын жайттарға кез болуға болатыны жайындағы оқиға. «Менің туған қалам – Нью-Йорк. Мен оның қандай сан алуан екендігін көрсеткім келді. Болатын сәтсіздіктерге қарамастан, Нью-Йорктің сауықтыратын қасиеті бар. Бұл қойылым қаланың қиындықтарды қалай жеңетіні жөнінде» – дейді Пол Эмерсон.

Қазақстанда алғаш өткен Central Asian Dance Festival осы жаздағы ең есте қалатын оқиғалардың бірі болды. Біз әрбір қатысушы өзі үшін шығармашылық пен болашақ дамудың жаңа қырларын ашты деген сенімдеміз.

Яндекс.Метрика