«Қазақ ұлттық хореография академиясы»  КАҚ Ғылыми кеңесі (ары қарай – ғылыми кеңес) – «Қазақ ұлттық хореография академиясы»  Коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ары қарай – Академия) басшылық ететін өкілдік сайланбалы орган.

Ғылыми кеңес төраға басшылығымен айына 1 рет шакырылады. Академияның ғылыми кеңес отырысында хатшы хаттама жүргізеді. 

Академия Ғылыми кеңесінің қызметтері:

  • әр түрлі қызмет түрлері бойынша актілерді қарастыру және қабылдау (ережелер, заңдар, қағидалар), актілер Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Академия жарғысына сәйкес болуы тиіс;
  • сәйкес бағытта кәсіби орта білімі немесе әр түрлі деңгейдегі жоғарғы білімі бар студенттердің оқу мерзімін қысқарту;
  • оқу жылының басталуын ауыстыру;
  • декан және кафедра меңгерушілерін сайлау тәртібін, оқытушылар мен профессорлар құрамының орнын басушыларды конкурстық түрде таңдау ережелерін анықтау, факультет деканы мен кафедра меңгерушілерін сайлауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес студенттерді және мемлекет бюджет есебінен білім алушыларды стипендиямен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;
  • Академияның әлеумметтік-экономикалық және стратегиялық дамуының негізгі мәселелерін шешу;
  • Оқыту және тәрбие беру үрдісінің құрамын, үрдісті ұйымдастыруды талдау, ғылыми-зерттеу үрдісін, халықаралалық қатынастар мен шаруашылық қызметті жетілдіру, ғылыми атаққа, жаңа лауазымға ұсыну, бакалавриат, магистратура, докторантурада жаңа мамандықтар ашу, диссертациялық кеңес құру;
  • Диссертация тақырыптарын бекіту;
  • қызметкерлерді құрметті атаққа, мемлекеттік марапаттарға және басқа да көтермелерге ұсыну мәселелерін қарастыру;
  • техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі оқыту бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес барлық бағыттағы мамандарды дайындау жоспарын және ондағы өзгерістерді талқылау;
  • факультет, кафедра және басқа да бөлімше басшыларының есебін тыңдау арқылы Ғылыми кеңестің шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Академия Ғылыми кеңесі оқу үрдісін, әдістемелік, ғылыми, тәрбие, шығармашылық бағыттағы, кадрлық, қаржылық, шаруашылық, халықаралық әрекеттерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері бойынша шешім қабылдауға құзыретті.

Ғылыми кеңес төрағасы – Ректор, РФ Халық артисі, РФ мемлекеттік сыйлығының Лауреаты – Асылмуратова Алтынай Абдуахимовна;

Яндекс.Метрика