Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 241-250 of 3946 results

«Раушан гүлі мен көбелектің романы» үздік балалар спектаклі атанды

Желтоқсан 24, 2022

«Раушан гүлі мен көбелектің романы» қойылымы «Үздік балалар спектаклі» номинациясы бойынша UMAI ұлттық сыйлығымен марапатталды. Бұл қойылымдағы барлық партияларды Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары орындады. Желтоқсанның 23-і күні «Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасының өнер саласындағы Umai ұлттық сыйлығының иегерлерін …

Қысқаметражды фильмді көру және талқылау

Желтоқсан 21, 2022

Құрметті студенттер, магистранттар мен оқытушылар! Сіздерді режиссер Йохен Фрейданктің «Ойыншықтар әлемі» атты көркем қысқаметражды фильмін көруге және талқылауға шақырамыз. 2009 жылы фильм «Үздік қысқаметражды ойын фильмі» номинациясы бойынша «Оскар» кинопремиясымен марапатталды. Фильмнің әрекеті 1942 жылы Германияның шағын қаласында өтеді. Кішкентай …

«Астана Балет» театры шығармашыл жастар арасында I республикалық «АШЫҚ САХНА» байқауы басталғанын жариялады

Желтоқсан 19, 2022

Қазақстанда Жас дарындарды қолдау мақсатында «Ашық сахна» байқауы өтеді. Бұл байқау өнер саласындағы 18 бен 45 жас аралығындағы дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. Байқау өтетін мерзім: 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Жүлде қоры 4 000 000 …

Академияда буллингтің алдын алу бойынша топтық сабақ өтті

Желтоқсан 15, 2022
13 желтоқсанда педагог-психолог Марал Ибрагим кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттері үшін оқу ортасында буллингтің алдын алу бойынша топтық сабақ өткізді. Топтық сабақтың мақсаты – студенттердің әртүрлі жағдайлардағы сындарлы мінез-құлық дағдылары мен икемдерін дамыту, тұлғааралық қарым-қатынасты оңтайландыру. Топтық сабақ барысында дене …

Орны толмас қаза

Желтоқсан 13, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Қазақ КСР Халық әртісі, балетмейстер және педагог, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы және тұрақты басшысы Болат Ғазизұлы Аюхановтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды қайғыра қабылдады. Қазақстанның балет аңызы, ерекше талант пен шеберлік …

Кинезиология орталығының спорт дәрігерімен кездесу

Желтоқсан 9, 2022

2022 жылғы 8 желтоқсанда Science cafe-де «Kinetik» оңалту және спорттық кинезиология орталығының өкілі, оңалту дәрігері Сайлаубек Әлішер Арманұлымен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында спорт дәрігері жарақаттан кейінгі оңалту, кәсіби спортшылардың дене шынықтыру дайындығы, фитнес-тренинг, балалар мен ересектерге арналған жаттығулар туралы айтты. …

Академия студеннтері адамның жеке шекарасын анықтау бойынша топтық сабақ өтті

Желтоқсан 9, 2022

8 желтоқсан күні педагог-психолог Марал Ибрагим ЖОО студенттері арасында адамның жеке шекарасын анықтау бойынша топтық сабақ өткізді. Жеке шекаралар қазіргі әлемдегі маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Жеке шекараны белгілеу және қорғау қабілеті жеке тұлғаның толық қанды, сау дамуы үшін қажет. …

Академияда Мұхтар Шахановтың мерей тойына арналған кеш өтті

Желтоқсан 9, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясында ақын Мухтар Шахановтың 80-жылдық мерей тойына арналған «Өмір өзен» атты поэтикалық кеші өтті. Іс-шара барысында студенттер Мухтар Шахановтың өлеңдері мен әндерін шырқап, композициялық қойылым көрсетті. Өнер факультетінің  профессоры Жанат Бабажанованың басшылығымен ұйымдастырылған сахналық көрінісімен «Арт-менеджмент» оқу …

Инновациялық зерттеулердің тиімділігін арттырудың модельдері мен әдістері

Желтоқсан 9, 2022

Құрметті әріптестер және ғалымдар! Kazconf – ғылыми конференциялар порталы «Инновациялық зерттеулердің тиімділігін арттырудың модельдері мен әдістері» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Конференцияға барлық білім алушыларды, ғалымдарды, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары мен мектеп мұғалімдерін шақырамыз. Конференция өтетін орны: Түркістан қаласы, Қазақстан. Конференция өткізу мерзімі: 26-27 желтоқсан 2022 ж. Толық …

«Астана Опера» Академия оқытушыларына: студенттердің кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтамыз

Желтоқсан 8, 2022

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжановаға және оқу орнының профессор-оқытушылар құрамына академия тәрбиеленушілерінің «Жібек жолы» фестивалі аясында Л.Минкустің  «Дон Кихот» және П. Чайковскийдің «Лебединое озеро» спектаклдеріне қатысқаны үшін алғысын …

Яндекс.Метрика