Қабылдау комиссияларының байланыстары

Анвара Садықова – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендиясының иегері

Академияның хореография факультетінің аға оқытушысы  Садықова Анвара Әріпқызы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы   Мемлекеттік стипендиясының иегері атанды!

Салтанатты рәсім бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіхалықованың қатысуымен өтті. 

Анвара Садықова – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры  сыйлығының лауреаты, өнер магистрі, педагог, хореограф, зерттеуші және қазақ хореографиясын насихаттаушы.

Анвараның кәсіби қызметі 2000 жылы басталды. Ол Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опреа және балет театрында, А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, Болат Аюхановтың басшылық етуімен ҚР Мемлекеттік академиялық би театрында жұмыс істеді, 2017 жылдан бастап Астана қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясында аға оқытушы. 

Оның өмірбаянында педагогикалық, ғылыми, қойылымдық, ағартушылық және қоғамдық қызметтің түрлері орын алған.

Анвара Әріпқызының көптеген оқушылары беделді Халықаралық хореографиялық конкурстардың лауреаттары, олар Қазақстанның, таяу және алыс шетелдің әртүрлі балет сахналарында жұмыс істейді.  Сонынмен қатар ол 30 концерттік нөмірдің, неоқазақ хореографиясы стиліндегі бір балеттің қоюшысы, олар Германия, Франция, Италия, Австрия, Латвия, АҚШ, ОАР, Жапония, Қытай, Түркия, Таиланд, Ресей, Башқұртстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстандағы халықаралық фестивальдер, конкурстар мен гастрольдік сапарлар аясында көрсетіледі. 

Яндекс.Метрика