Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР МСМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК түлектерінің қауымдастығы (бұдан әрі – Қауымдастық) ҚР МСМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Академия) түлектерінің ерікті бірлестігі болып табылады.  

Қауымдастықты құрудағы басты мақсат:

  • Академияның беделін арттыру және оның халықаралық деңгейде танылуы үшін түлектердің күш-жігерін біріктіру, Академия бітірушілерінің корпоративтік рухын қолдау;
  • Қауымдастық мүшелерінің арасында байланыс кешенін қалыптастыру;
  • Хореография саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға жәрдемдесу.

Қауымдастық қызметінің мәні:

  • Академияға дарынды жастарды тарту;
  • Академияда оқитын талантты жастарды, жас оқытушыларды қолдау;
  • ғылыми бағдарламалар мен жобаларды қолдау және қатысу;
  • Академия дәстүрлерін дамыту және нығайту;
  • тақырыптық кездесулер өткізу;
  • түлектер арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру және дамыту, Академиямен мәдени, шығармашылық және іскерлік байланыстарды қолдау.  

Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қауымдастық келесі міндеттерді шешеді: 

  • Академияның түлектері, олардың кәсіби мүдделері мен мүмкіндіктері туралы деректер банкін құрады;
  • Академия түлектерінің кездесулерін ұйымдастыруға қатысады;
  • студенттік буын өкілдерінің, Академияның профессор-оқытушылық құрамының сабақтастығын орнатуға ықпал етеді;
  • жастарға кәсіптік бағдар беру, дуальды оқыту, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмысқа көмек көрсетуді ұйымдастырады және Академияға қабылдауды ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
  • кәсіби бірлік, тәжірибе алмасу, Қауымдастық мүшелерінің шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру мақсатында Академия түлектерін біріктіру үшін қолайлы жағдайлар жасайды;
  • студенттердің кәсіптік даярлығына («дөңгелек үстелдер», конференциялар, практикалар, тағылымдамалар), сонымен қатар студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысына, оның ішінде мүдделер бойынша клубтардың, шығармашылық ұжымдардың қызметіне жәрдемдеседі; 
  • әлеуметтік әріптестікті жолға қою, іскерлік ортаның, билік органдарының, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың Академиямен өзара мүдделерін келісу және іске асыруға ықпал етеді; 
  • түлектерді Академия туралы жаңалықтармен және өзекті ақпаратпен хабардар етеді;   
  • түлектердің Академияда алған біліммен қанағаттанушылығын зерделеуге бағытталған зерттеулер жүргізеді. 

Академия түлектері бітірген жылына және мамандығына қарамастан Қауымдастыққа мүше болып табылады. 

Қауымдастық қызметіне жалпы басшылықты Академияның Түлектер кеңесі жүзеге асырады.

Яндекс.Метрика