Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ базасында 2021 жылғы 30 маусымда құрылды.

Орталық Азиядағы алғашқы көп деңгейлі білім беру жүйесін қамтитын бірегей балет академиясын құру идеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. 

Академияның негізгі миссиясы – ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және қазақ мәдениетін әлемдік балеттің даму болмыстарымен біріктіру. Ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін біздің басым міндетіміз – Қазақстанды бүкіл әлемге танытатын дарынды балет әртістерін дайындау, би және балет өнерінде Қазақстанның жаңа ұлттық брендін қалыптастыру.

Сапалы білім берудің басты іргетасы Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы болып табылады. Академия студенттері Мәскеу және Санкт-Петербургтегі танымал балет мектептерінде өз шеберліктерін шыңдаған үздік қазақстандық хореограф-педагогтардан және шетелден шақыртылған хореографиялық өнердің майталмандарынан білім алады. Сондай-ақ, Академияның тәрбиеленушілері отандық, шетелдік театрлар сахнасында өнер көрсету, халықаралық фестивалдар мен конкурстарға қатысу мүмкіндіктеріне ие.

Академияның келешек жоспары – оқу-шығармашылық процесті тұрақты дамыту, жоғары кәсіби кадрларды даярлау және Қазақстан өнерінің дамуы үшін әлемнің жетекші хореографиялық білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтастық орнату.

Яндекс.Метрика