Қабылдау комиссияларының байланыстары

Өртке қарсы режимді сақтау

Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өртке қарсы режимді сақтау, «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда адамдарды көшіру кезінде жауапты лауазымдық тұлғалардың дағдыларын пысықтау, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚР3 Заңының, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 Заңының талаптарына сәйкес, қызметкерлердің әртүрлі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көшіруге дайын болу мақсатында,  2019 жылғы 10 сәуірде Академияда Тұрғын үй корпусынан шұғыл көшіру бойынша жаттығу өткізілді.

Іс-шаралар объектілік жаттығу өткізудің бекітілген жоспарына сәйкес өткізілді. 

Жаттығудың бірінші кезеңінде күдікті зат, болжалды түрде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылып, ол жөнінде күзет қызметкері Академия басшылығына хабарлады, осыдан кейін дабыл жүйесі қосылып, Академияның тұрғын үй корпусынан көшіру туралы хабарлама жасалды, лифт шахталарындағы және баспалдақ торларындағы ауаны қысу  және барлық ғимараттан түтінді шығару, қолжетімдікті бақылау жүйесін бұғаттан шығару, сонымен қатар барлық лифттерді бірінші қабатқа автоматты түрде түсіру және лифттардың есіктерін ашу іске қосылды.     

Кезекші электрик бірінші кезектегі іс-қимылдар туралы нұсқаулыққа сәйкес барлық қабаттарда электр қуатын өшірген сияқты әрекет жасады. Кезекші диспетчер күзет қызметкерімен қойылған бомба туралы дабылға әрекет ететін құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарын қарсы алуға дайын екендерін мәлімдеді.  

 12 с. 30 минутта Академияның тұрғын үй корпусынан жаппай көшіру басталды.

12 с. 35 минутта көшіру балет корпусының жанындағы «Көшіру кезінде жиналатын орын» деген белгі қойылған автотұрақта сапқа тұрумен аяқталды.

Тұрғын үй корпусынан 78 адам, оның ішінде тұрғын уй корпусында тұратын білім алушылар, Академия қызметкерлері және тазалау жұмыстарын жүргізетін компанияның қызметкерлері көшірілді. 

Жаттығу нәтижелері бойынша барлау звеносының баяндауы бойынша қауіп-қатер дабылына мән бермеген және орындарында қалған білім алушылар немесе Академия қызметкерлері болған жоқ. 

Жаттығу өткізу үшін жауапты тұлғаларға және күзет қызметіне ескертулер болған жоқ. 

Жалпы алғанда жаттығу қанағаттанарлық жағдайда өтті, бірақ асығыс көшіру кезінде  адамдардың өткізіліп отырған жаттығудың маңызды екендігін толық түсінбейтіні байқалды.

Яндекс.Метрика