Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Өнермен өрілген 50 жыл өмірім»

Қазақстанның Халық әртісі Ізім Тойған Оспанқызы өзінің шығармашылық қызметінің 50-жылдығын атап өтті. 

Қазақ халық биінің жетекші мамандардың бірі ретінде ол бүкіл өмірін қазақ халқының ең үздік музыкалық және би дәстүрлерінің қайта өркендеуіне арнады. Бүгін де Тойған Оспанқызының билері – бұл қазақ биінің алтын қоры.

Тойған Ізім көптеген әртіс  буынын тәрбиелеп шығарды, «Өнермен өрілген 50 жыл өмірім» кеші – бидің оның өміріндегі басты мамандық ғана емес, сондай-ақ оның Өмірі екендігінің тамаша айғағы. Мерейтой иесі, егер өткенге қайтып оралу мүмкін болса, онда тағы да хореографиялық өнерді таңдап алар едім ағынан жарылды. «Қандай да бір күш мені хореографиялық өнерге итермеледі, билеуге деген қатты құштарлық» дейді, –  Тойған  Ізім. – Бүгін де осы қол жеткен жетістіктігіме – өзім қол жеткіздім, ешкім мені қолыман жетелеген жоқ. Білуге деген құштарлық мені профессор, кандидат дәрежесіне дейін өсуіме, хореографиялық өнер ғылымының дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік берді. Тек құштарлық қана болды».

Еңбек сіңірген әртісті құттықтауға еліміздің ең үздік әртістері: Эстарадалық би ансамблінің және Астана «Шалқыма» филармониясының, «Алтынай», «Наз», «Терра», «Жорға» бишілері, Президент оркестрінің әртістері, Тойган Ізімнің өз түлектері, сонымен қатар Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері келді. 

Концерт «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде, тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және көпшілікке таныту мақсатында өтті. 

Сізге қазақ биінің ең үздік дәстүрлерін сақтап, сондай-ақ  таусылмайтын шығармашылық күш-қуат тілейміз. Сіздің жасампаз қызметіңізге табыс және шығармашылық жоспарларыңызды жүзеге асыра беруіңізге тілектеспіз.

 

 

Яндекс.Метрика