Қабылдау комиссияларының байланыстары

Өнерге қанат қаққандар

2018 жылғы 16 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Академияда «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы …» номинациясында «Өнерге қанат қаққандар!» конкурсы өтті.
Академия оқушылары Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Ілияс Жансүгіров, Александр Пушкин, Мұса Жәлел және тағы басқа шетелдік классиктердің атақты шығармаларын оқыды. Өздерінің авторлық туындыларын Ермагамбет Жан «Балет деген не», Спиваков Даниэль «Менің жолым», Бақытбекқызы Жанар «Ана», «Арман», «Туған түстер» Джаныбаева Дамина және Мунира, «Жалын» шығармашылық тобы «Мен осылай түсінемін өнерді» және басқалар таныстырды.
«Фонд Перо» тәуелсіз ақындар қорының және «Veter» заманауи жастар шығармашылық бірлестігінің резиденті, «Release» заманауи би студиясының басшысы, Астана қ. әкімдігі Оқушылар сарайының қоюшы-хореографы, Хореография академиясының 2018 түлегі – Аманов Марат алғаш рет өзінің «Соңғы би» атты авторлық туындысын оқып берді.
Тамаша таңдап алынған туындылар, жас өлең оқушылардың әртістілігі және олардың орындаушылығы бүкіл көрермен қауымына қатты ұнады. Өз өнер көрсетулерінде жастар поэзия әлемін, адамдар арасындағы қарым-қатынастар және табиғаттың сұлулығын жырлады.
Концерттік бағдарлама да көрермендердің көңілінен шықты, әсіресе студенттер Аделия Кайрбек, Азиза Жорабек және Ербол Есеевтің өнерлеріне тәнті болды.
Қазылар алқасы тақырыпты ашу кезіндегі шығармашылық тәсілді, ерекшелігін және поэзиялық мәннің болуына баға берді. Конкурс қорытындылары бойынша Сарсенхан Бекдаулет, Спиваков Даниэль, Рогожкина Руфина, Нургияс Адель лауреат атанды.

Яндекс.Метрика