Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ұлы даланың жеті қыры

Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа бағдарламалық мақаласын талқылау өтті. Бұл мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады.
Мемлекет басшысы өз мақаласында қазіргі Қазақстан қоныс тепкен Ұлы дала тарихи кезеңдерден осы күндерге дейінгі адами өркениет дамуының куәсі екенін атап көрсетеді. Және біздің тарихымыздың әрбір беті бірегей оқиғаларға толы. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгін бізге жаһандық әлемнің ажырамасы бір бөлшегі болып табылатын өз тарихымызға оң көзқарас қажет екендігін атап өтті.
Осы бүкіл бағыттар тым өзекті болып отыр, олар елді оның тарихын зерделеу арқылы тану мәселесін көтереді.
«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» – дейді Мемлекет басшысы.
«Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа бағдарламалық мақаласында Президент жаңа тарихымызға жаңа көзқараспен, Тәуелсіз Қазақстанның көзқарасымен қарауға айқын түрде шақырады.

Яндекс.Метрика