Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ұлттық Архивте «Ұлттық архив қоры және архив туралы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

15-16 қараша, 2018. Ұлттық Архивте «Ұлттық архив қоры және архив туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануының 20 жылдығына арналған «Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. 
Конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның Республикалық маңызы бар қалалары мен облыстарының жетекші сарапшылары, ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институтының» және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.
«Республикада барлығы 3 185 қызметкер жұмыс атқаратын 219 мемлекеттік архив бар. Бұл архивтерде 24 миллион сақтау бірліктері бар. 760киноқұжаттар, 4 957 бірлік фотоқұжаттар, 981 фоноқұжаттар бар. 39 340сақтау бірліктері цифрландырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттықуниверситеті архивист мамандарды даярлап шығаруда. Республикамыздың бай мәдени мұрасын, тарихының айнадай көрінісіболып табылатын құжаттарды сақтау, толықтыру және одан әрі пайдаланумаңызды миссиясын жүзеге асыратын архив қызметкерлері.Бүгінгі конференцияның тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған, себебі цифрландыру үрдісі мемлекет дамуының және бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторларының бірі болып саналады» – деп атап өтті ведомства басшысы. 
Конференция пленарлық отырыс, сондай-ақ дөңгелек үстел және панельдік пікірталас форматында өткізілуде, оның шеңберінде архивтер қызметін цифрландыру, «Ұлттық архив қоры және архив туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, архивтік құжаттарды сақтаудың тұжырымдамалық негіздері, оларды есепке алу, қалыптастыру және жеке қор, сондай-ақ электрондық құжаттар қоймасын шешу жолдары мен мәселелері талқылануда.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының архив саласы мен ғылыми интеллигенциясының кең ауқымын біріктіруге арналған. Бүгінгі таңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы біз үшін ел экономикасын дамытуда және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен оның халқының өмір сүру сапасын жақсартуда ауқымды мақсатты жұмыстар жүргізуде негізгі бағдар болып табылады.
Пленарлық және секциялық отырыстарда басқару органдарында электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу және дамыту қағидаттары, Мемлекеттік органдардың электрондық архивтерін құру және қызмет ету кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық мәселелері, Электрондық құжат айналымы жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері және т. б. талқыланады.
Конференцияның маңызды бөлігі біздің мемлекетіміз үшін тарихи маңызы зор Ұлттық архив сақтау қорынан алынған бірегей және Негіз қалаушы мемлекеттік құжаттардың көрмесі болады.
Архивтің үздік қызметкерлері Қазақстанның архив саласының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталады.

Яндекс.Метрика