Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР Президентінің Жолдауы аясында театрлардың жұмысын жетілдіру

8 қаңтар, 2019. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты республикалық мемлекеттік театрлардың бірінші басшылары жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін ұсынды.

Баспасөз конференциясына Мұxтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директорының міндетін атқарушы Әбдіқалықов Сәбит Әбдімүтәліұлы, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы Сатыбалды Азамат, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры Ни Любовь Августовна, Құдыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі Аxмадиев Мұрат Абдуреимұлы қатысты.

Қазақстанның театр өнерін дамыту мақсатында сондай-ақ, дарынды артистер мен режиссерларды іріктеп, ынталандыру үшін Қазақстанның драма театрларының Республикалық фестивальі дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.Сонымен қатар, жыл сайын шетел өнер шеберлерінің қатысумен театр қайраткерлерінің Республикалық практикумы өткізіледі. Практикумның басты мақсаты театр қызметіндегі жаңа әдістемелерді үйреніп, театр өнері мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу болып табылады.

«Ұлттық болмыстың өзегі болып саналатын қазақстандық мәдениетті әлемге таныту үшін Елбасы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын ұсынып, отандық мәдениеттің заманауи бейнесін ашып, оның әлемдік аренаға жол тартуына оң ықпал ету және ірі мәдени жобаны іске асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұжымның Францияның Авиньон қаласында 11-18-шілде күндері аралығында өткен «Авиньон-2018» Халықаралық театр фестиваліне қатысуы. М.Әуезов театры осы фестивальға Қазақ елінен қатысып, өнер көрсеткен бірінші театр болып саналды. Фестивальге белгілі литвалық режиссер Йонас Вайткустың режиссерлігімен қойылған Иран-Ғайыптың «Қорқыт» қойылымы М.Әуезов театрының бетке ұстар туындысымен танысып қана қоймай, шығармадағы түркілік мәдениеттің доминанттарын, бай фольклорлық мұрасын көркемдік деңгейде француз аудиториясына паш етті. 72-ші рет өткен Авиньон фестиваліне қатысуы театр үшін жақсы тәжірибе болды дей аламыз» деп атап өтті Мұxтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директорының міндетін атқарушы Әбдіқалықов Сәбит Әбдімүтәліұлы.

«1946 жылдың 4 шілдесінде Наталья Ильична Сацтың ұйымдастыруымен, Қазақстанда тұңғыш балалар мен жасөспірімдер театры ретінде құрылған өнер ошағы 73-ші маусымында көрерменге қызмет етуде. Қазіргі таңда, репертуарда 41 спектакль бар. Оның:  29-ы – ересектерге арналған қойылымдар болса, 12-сі – балаларға арналған ертегілер.  Қазіргі әлемдік өркениетке ұмтылу, жан-жақты даму кезеңінде байырғы ұлттық құндылықтары-мызды сақтай отырып, жаңа заман жетістіктері мен ата-дәстүрімізді сабақтастыра, «Рухани жаңғыруға» жол сала білдік» – деді Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы Азамат Сатыбалды. 

Яндекс.Метрика