Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы студенттерінің дипломдық жұмыстары

Бүгін  Қазақ ұлттық хореография академиясында «Хореография» факультеті «Режиссура» кафедрасының студенттері дипломдық жұмыстарын тапсырды. Бірінші болып Гауһар Рахметованың дипломдық жұмысы «Ана өкініші» атты бір актілі балет ұсынылды. Балет қазақ композиторлары С.Ж. Еркімбеков пен Д. Бержапыраковтың музыкасына қойылған.

Сонымен қатар, «Астана Балет» театрының сахнасында 5 курс студенті Жүнісова Айжан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері М.С. Абубахриеваның жетекшілігімен өзінің дипломдық жұмысы – Г. Низами  бестігінің желісі бойынша «Hamse» бір актілі балетін көрсетті. 

Хореография факультетінің студенттері мен оқытушыларына алғыс білдіреміз!

Толағай табыстар мен тамаша жетістіктер тілейміз!

Яндекс.Метрика