Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің халық алдында есеп беруі 2019 жылғы 20 маусымда өтеді

Ағымдығы жылдың 20 маусым күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Өткізу орны: Астана қ., Д. Қонаев к., 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының «Киноконцерттік» залы.

Министрге сұрақтарды кездесу барысында, Министрлік сайтында 
«2019 жылғы 20 маусымдағы есеп беру кездесуі» атты бөлімінде (http://www.mks.gov.kz) және «электрондық үкімет» веб-порталының «Ашық диалог» атты бөлімінде (http://egov.kz) онлайн режимде қоюға болады. Сонымен қатар, аймақтардың тұрғындары үшін сұрақты онлайн қою мүмкіндігі бар бейнеконференц байланыс қамтамасыз етіледі.

Кездесу Министрліктің ресми интернет-ресурсында және «Bnews.kz» ақпараттық порталында онлайн-трансляция режимінде таратылатын болады.

Яндекс.Метрика