Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан мен Мажарстан арасында тарихи-мәдени мұра саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Мажарстан Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганың Қазақстан Республикасына сапары барасында Қазақстан-Мажарстан бизнес-инвестициялық форумы өтті.

Аталған іс-шараға екі елдің 150-ден астам іскер топтарының өкілдері, оның ішінде 100-ге жуық Мажарстан бизнесінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті, бірлескен ынтымақтастықтың артықшылықтары мен екі мемлекеттің сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі ілгерілету перспективалары таныстырылды. Нәтижесінде ынтымақтастық туралы 10 келісімге қол қойылды.

Келісімдердің арасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Мажарстан Адами ресурстары министрлігі арасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар миниcтрлігі арасындағы тарихи-мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Е. Рамазанов пен Мажарстан Адами ресурстары министрлігінің Мемлекеттік хатшысы О. Пачаи-Томашшич қол қойылды.

Аталған меморандумдар екі елдің арасындағы спорт және археология салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Яндекс.Метрика