Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Ғылым және өнер коды» республикалық байқауының жеңімпаздары жарияланды

Алматыдағы Қабылдау үйінде қазақстандық сәулетшілер, мүсіншілер және суретшілер арасындағы «Ғылым және өнер коды» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды бейнелейтін ең үздік қолөнер туындыларын таңдауды мақсат еткен байқауға барлығы 60 өтінім келіп түскен. 40 жоба жартылай финалға өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Cultural Dialogue» ҚҚ, ал қазақстандық фармацевтика өндірісінің көшбасшысы SANTO компаниясы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайымен серіктестікте байқаудың бастамашысы әрі бас демеушісі ретінде қолдау көрсетті. Байқау ұйымдастырушыларының мәліметі бойынша, мүсін өткен жылы 135 жылдық мерейтойын атап өткен SANTO («Химфарм» АҚ) зауытының жаңа нышанына айналмақ. Байқау қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аталмыш байқау бизнес пен өнер арасындағы әлеуметтік серіктестіктің жарқын үлгісін көрсетті деп атап өтті.

24 тамызда Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының филиалы – Орталық көрме залында эскиздер мен макеттердің көрмесі ұйымдастырылған болатын. Көрмеге қойылған 50-ден аса экспонаттардың басым көпшілігі Алматы, Астана және Өскеменнен қатысқан мүсіншілердің жұмыстары. Байқау ұйымдастырушысы Жанна Мәмбетованың айтуынша, ғылым және өнер тақырыбына арналған республикалық байқауға қатысу суретшілерді шығармашылық тұрғыдан өзін дамытып, қазіргі заманда өзекті тақырыптар арқылы ішкі дүниетанымын көрсетеді. Байқауға өнер туындыларын, мүсіндер мен арт-объектілерді жасау жағынан тәжірибесі мол жетекші өнер қайраткерлерімен қатар, бастаушы мүсіншілер, шығармашылық жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Яндекс.Метрика