Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тәуелсіздік күніне орай Академия қызметкерлерін марапаттау

2018 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлерін «Құрмет» грамотасымен, сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі» ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті. 

Тәуелсіздік күні қарсаңында Академия қызметкерлері Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлестері, осы таңдап алған салада қол жеткізген жетістіктері үшін лайықты медальдарға ие болды.  Ғылым, мәдениет және білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскері, мектеп-колледждің арнайы пәндер оқытушысы  Макарцева Людмила Викторовна «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Ғылым және мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегі үшін Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскері, мектеп-колледждің арнайы пәндер оқытушысы  Абдулина Назира Сәрсебайқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін маңызды осы мерекеде сый-құрметке ие болу – үлкен абырой және Қазақ ұлттық хореография академиясы атынан еліміздің дамуы мен өркендеуі игілігіне одан әрі жұмыс істеу үшін ынталандыру.     

 

Яндекс.Метрика