Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тұңғыш Президент күні

2018 жылдың 30 қарашасында Академияда Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлт мақтанышы- Елбасы» атты салтанаты іс-шара өтті.
Іс-шараға қатысушылардың назарына оқушылардың қатысуымен жасалған «Ұлт мақтанышы- Елбасы» бейнеролигі ұсынылды, мұнда оқушылар Президент, патриотизм, еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы авторлық өлеңдерін оқып, құттықтау сөздерін жолдады. Өнер факультетінің деканы Р.К Досжан және кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің тарих пәні оқытушысы Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен таныстырып, оң бағаларын берді. Академияның бірінші проректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара соңында хореография факультетінің студенттері «Шашу» қазақ биін орындады, сонымен қатар өнер факультетінің студенті Нұржан Есеев «Тәуелсіз ел» әнін шырқады.

Яндекс.Метрика