Қабылдау комиссияларының байланыстары

Стефан Жеромски

Соңғы екі апта бойы 2018 жылдың 19-30 қарашасы аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында талантты хореограф, әйгілі балетмейстер Иржи Килианның ассистенті Стефан Жеромскидің заманауи би бойынша шеберлік кластары өтті.
Стефан Жеромски көптеген атақты хореографтармен, атап айтқанда Ролан Пети, Морис Бежар, Люсинда Чайлдспен бірге жұмыс істеген. Еңбек мансабының көпшілік бөлігін Нидерландтық би театрында (NDT) жетекші биші ретінде өткізді, мұнда Иржи Килиан, Пол Лайтфут және Соль Леон, Матс Эк, Уильям Форсайт, Йохан Ингер, Охад Нахариннің және б. көптеген қойылымдарына қатысты.
Нидерландтық би театрының телевидениеге жазылған балет репертуарында биледі, оның ішінде Bella Figura («Мінсіз дене»), Sweet Dreams («Көкейтесті арман»), Petit Mort («Кішкентай өлім»), Signing Off (“Бас тарту”), Wings of Wax («Балауыз қанаттар»). Swan Song («Аққу әні»), Speak for Yourself («Ішкі дауыс») бар.

Яндекс.Метрика