Қабылдау комиссияларының байланыстары

Оқушылар қатарына қабылдау

2018 жылғы 6 қазан күні «Астана Балет» театрында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова және өнер қайраткерлерінің қатысуымен Академия оқушыларын оқушылар қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Бұл мереке маңызды және мағыналы болып табылады, өйткені кішкентай әртістер осы күні алғашқы рет кәсіби сахнаға шығып, би өнері үшін оқуға және еңбектенуге ант берді. Әр салтанатты шара мерекелік сыйлықсыз өтпейтіні анық, осы шарада сыйлықсыз өткен жоқ – оқушылар қатарына қабылданған әр шәкіртке Академия Ректорының тілек сөзі жазылған хат табысталды.

Осы керемет мамандыққа қабылданған оқушылардың бірінші нөмірі болып полонез орындалды, ал концертті орта сынып оқушылары «Бал балапан» нөмерімен, Жапония студенттері Луна Мунаканта, Саяко Ито Л.Делибаның музыкасына жазылған пиццикатосымен, бакалавриат студенттері Әнел Рүстемова мен Арман Оразов «Дон Кихот» балетінің па-де-десімен жалғастырды.

Заманауи оқушылар мен студенттердің өмірінде қызықты, әсерлі және ерекше жағдайлар көп болады. Академияның шынайы оқушысы атану үшін тек қана конкурстық сынақтан өту жеткіліксіз. Құрметті әртіс атағына жету үшін абырой мен намыспен барлық сынақтан сүрінбей өткен – нағыз оқушы.
Оқушылар қатарына қабылдауды мерекелеу – бұл хореография училищелерінің ежелгі және жақсы дәстүрі. Оқушылар қатарына қабылдау символикалық үдерісі біздің оқушылардың қандай маңызды жол бастағанын тағы да дәлелдейді.

Яндекс.Метрика