Қабылдау комиссияларының байланыстары

Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері

Құрметті әріптестер!

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2019 жылдың 18-ші қаңтар күні, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуевтің 80 жылдық мерейтойы және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де тарих мамандығының қалыптасуына орай ұйымдастырылатын «ОТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТАНУЫ МЕН ТАРИХНАМАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға шақырады.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді (pdf түрінде). 2018 жылдың 18 желтоқсанға дейін ұйымдастыру комитетінің 87162721121@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы: секция №, мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._Бакенеев_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын (электрондық түрде болса – сканерленген) жіберулеріңізді сұраймыз.

Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика