Қабылдау комиссияларының байланыстары

Нұр-Сұлтан қаласында Ержан Максимнің жеке концерті өтеді

17 мамыр, 2019. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында жас дарын Ержан Максимнің жеке концертіне арналған баспасөз-конференциясы өтті.

Елордамыздың үздік залдарының бірі – «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін Ержан Максимнің жеке ән кешіне дайындық жұмыстары жөнінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және жас дарынның басқа да жаңалықтарымен анасы Гүлмира Әлібек бөлісті.

«2019 жылғы 28 маусымда сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жас дарын  Ержан Максимнің жеке концерті өтеді» деп атап өтті министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.  Бұл концерт жас дарын үшін маңызды қадам болып отыр. Ержан Максим жанды дауыспен өнер көрсетеді және ол эстрадалық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. 

Ержан Максим 2007 жылы дүниеге келді, ата-аналары баласының әнге деген сүйіспеншілігін байқаған соң, жергілікті Жастар мәдениет үйіне вокал сабағына қосымша оқуға береді. Ержанның алғашқы ән сабағынан оқытушысы республикалық конкурстардың лауреаты, Орал филармониясының солисі – Дәрия Бақытова болып табылады. 9 жасында Ержан халықаралық деңгейде алғашқы жетістіктерін көрсете бастады. 2016 жылы грузиялық Батуми қаласында өткен «Дельфин Фест» орындаушылар фестивалінің бас жүлдесіне ие болды.

Ержан Максим көптеген беделді халықаралық конурстардың жеңімпазы: халықаралық «Бегущая по волнам» байқауының гран при жүлдегері Москва 2015 ж.; республикалық «Шырқа дауысым», «Самға жұлдыз» байқауларының бас жүлдегері Алматы 2015 ж.; халықаралық «Золотой микрофон» байқауының 1 орын иегері Қостанай қ. 2016 ж.; халықаралық «Бозторғай» байқауының бас жүлдегері Алматы 2016 ж.; халықаралық «Riga Symphony» байқауының 2 алтын жəне 1 күміс медальды жүлдегері Рига ( Прибалтика) 2016 ж.; халықаралық «SANREMO JUNIOR» байқауының 1 ОРЫН жүлдегері Сан Ремо (Италия) 2017 ж.; халықаралық «Славян базары» байқауының II орын иегері Витебск ( Белоруссия) 2017 ж.; халықаралық «На крыльях музыки» байқауының 1 орын иегері Самара (Россия) 2017 ж.; халықаралық «Бақытты бала»  байқауының бас жүлдегері Ақтөбе 2018 ж.; «Junior Eurovision 2018» республикалық іріктеу байқауы.

Ең басты әлемдік танымалдылық 2019 жылы Ресейдегі «Голос. Дети» жобасында таңғажайып өнер көрсетуімен келді. Ол көрермендерге тек Муслим Магомаевтың әнін тамаша орындаумен ғана емес, өз дауысының ерен  қуатымен есте қалды, бұл жерде Ержан 2-орынға ие болды.

Елордамыздың үздік залдарының бірі – «Қазақстан» орталық концерт залында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін концерт сахнасында жас дарын иесімен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Айқын Төлепберген өнер көрсетеді.

Яндекс.Метрика