Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі ресейлік кинофестивальге қатысуда

Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының толықметрлі анимациялық «Мұзбалақ» атты картинасы XVII Халықаралық «Дух огня» («От рухы») атты дебюттік фильмдер кинофестивалінің, жасөспірімдер мен балаларға арналған туындылары «Твое кино» («Сенің киноң») конкурстық бағдарламасына қатысып, бақ сынамақ. Фестиваль Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск қаласында наурыздың 1 мен 6 аралығында өтеді. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

Авторлар «Мұзбалақ» атты анимациялық фильмі арқылы тарих қойнауына еніп, жоғалып бара жатқан, қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениетін көрсету арқылы, адаммен бүркіт арасындағы сенім негізіне құралған достықты жас ұрпақ санасына сіңіруді көздейді.

– Бұл фестиваль көптен бері өткізіліп келеді. Алайда, анимациялық фильм алғаш рет қатысып отыр. Ал бұл туынды біздің «Қазақфильм» киностудиясының мультфильмі екені екі есе қуантады. Фестивальдің атының өзі – «От рухы» – түркі әлеміне өте жақын таным. Сондықтан да біз «Мұзбалақ» мультфильмі жүлдесіз қалмайды деп сенеміз», – деп мәлімдеді картинаның сценарий авторларының бірі әрі қоюшы-режиссері Адай Әбілдинов.

Анықтамалық ақпарат:
Атауы: «Мұзбалақ»
Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
Жанры: толықметрлі анимациялық фильм
Тілі: қазақ
Қоюшы-режиссерлері: Тілек Төлеуғазы және Тұрдыбек Майдан
Сценарий авторлары: Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Әбілда
Қоюшы суретшілері: Адай Әбілда, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы
Композиторы: Әсет Даненов
Монтаж: Тілек Төлеуғазы
Фильм директоры: Ербол Бораншы
Дыбыс режиссері: Жеңіс Екпін
Редакторлар: Жамаш Ержанат, Салтанат Дүнгенбаева
Мәтін редакторы: Болат Жетекбай
Дыбыстарды жазған: Сергей Фигнер
Дыбыс үйлестіруші:Виталий Ткаченко
Қоюшы-режиссерлердің фильмографиясы:
Тұрдыбек Майдан
1999-2001 ж. Қытайдың Шәндұң өлкесіндегі Хызы қаласында көркем сурет колледжын оқыған. 2005-2010 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Анимация режиссурасы» мамандығын бітірген.
Фильмографиясы:
«Әлін білмеген» – 2008(4 минут)
«Ақ қаз» – 2010(10 минут)
«Тастүлек» – 2014( 23 минут)
«Бақыт жолында» – 2015(12 минут)
«Мұзбалақ» – 2017(65 минут)
Тілек Төлеуғазы
2006 – 2011 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын да «Анимация режиссурасы» мамандыған бітірген.
Фильмографиясы:
«Нүктелер» – 2009 (3 минут)
«Бөгде» – 2010 (6 минут)
«Тастүлкк» – 2014 (23 минут)
«Иесі оралған мысық» – 2015 (12 минут)
«Мұзбалақ» – 2017(65 минут)

Яндекс.Метрика