Қабылдау комиссияларының байланыстары

Латын әліпбиінде жазылған жалпыхалықтық диктант

14 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және латын әліпбиіне көшуге қолдау көрсету аясында латын әліпбиінде диктант өткізілді. Жалпы республикалық акция шеңберінде студенттер мен қызметкерлер латын қарпін қолданып диктант жазды.
Іс-шараға қатысушылар латын әліпбиіне көшу аясында түсіндіру жұмысын жүргізді және қазақ әліпбиінің жаңа қарпін түсіндіріп берді, олардың айтуынша, диктант жазу кезінде ешқандай қиындық туындаған жоқ. Іс-шараға қатысқан студенттер латын әліпбиін қазір әлеуметтік желілердегі қарым-қатынаста қолданып жүргендерін атап өтті.
2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақ тілі әліпбиінің кирилицадан латын қарпіне көшуі туралы жарлығы шықты. Латын әліпбиіне көшу проблемасы бір күннің ішінде пайда болған жоқ. 2006 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 12-сессиясында, «қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру проблемасына қайта оралу қажет екендігін» атап көрсеткен.
БАҚ деректері бойынша бүгін әлемнің 70% латын шрифтін оқиды және ғылыми зерттеулермен танысады. Барлық бұқаралық ақпарат көздері және қоғамдық өмірдегі барлық жаңалықтар осы қаріпке негізделген.
Осылайша, латын әліпбиі, сөзсіз, аса маңызды рөл атқарады және Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына ену үрдісін жеделдетеді.

Яндекс.Метрика