Қабылдау комиссияларының байланыстары

Классикалық және ұлттық хореография: Тарих — дәстүр — жаңашылдық

Ғылым аптасын өткізу аясында 2018 жылғы 10 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында «Классикалық және ұлттық хореография: «Тарих — дәстүр — жаңашылдық» тақырыбына секциялық отырыс өтті.

Секциялық отырыстың жұмысына хореография факультетінің студенттері мен  магистранттары және оқытушы-профессорлық құрамы қатысты. Отырыс жұмыс атмосферасында өтті, хореография өнерінің тарихынан бастап осы саладағы жаңа әдістемелер мен бағыттарға дейін әртүрлі мазмұндағы тақырыптарға 19 баяндама ұсынылды.

Ғылыми жұмыс жастарды ғылыми-зерттеу үрдісіне тарту, зерттеу құзыреттерін дамыту және болашақ кәсіптік қызмет үрдісінде білімді шығармашылық пайдалануға ұмтылу мақсатында өткізіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша жинақ басып шығару жоспарланады.

Яндекс.Метрика