Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында мыңжылдықтар қатпарында жатқан тарих пен мәдениетімізді жаһан танитын болады

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деген қағидаты қазақ қоғамы үшін бүгінде үлкен мәнге ие болып отыр. Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық ұжымы рухани жаңғыру кезеңінде халқымыздың өнерін бүкіл әлемге насихаттауға айтарлықтай өз үлестерін қосып келеді және  ең маңызды міндетінің бірі деп санайды.

Осыған орай, Академия ұжымы үстіміздегі 2018  жылдың 27 қарашасы мен 6 желтоқсан аралығында еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Еуропаның Польша, Чехия және Венгрия Республикаларына арнайы сапарға шығып, бірлескен мерекелік-мәдени шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Мерекелік-мәдени көш алдымен 28 қараша күні Варшава және 3 желтоқсан күні Прага қаласында жалғасып, артынша 5 желтоқсан күні 
Будапештте  өз мәресіне жетеді.

«Алатау» фольклорлық ансамбльдің репертуары өңделген халық әндерімен, күйлерімен, әуендерімен Концерттік бағдарламада қазақстандық және еуропалық авторлардың шығармалары еуропа халқына арналып орындалатын болады. Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы «Алатау» фольклорлық ансамблі сапармен барған мемлекеттері мен Қазақстан гимнін орындайтын  қазақтың саз аспаптарының қасиетті әуенімен әуелетіп ойнайтын болады. Атап айтсақ, қазақтың дәстүрлі өнер әншілері  Рамазан Стамғазиев «Япырай» халық әнін,  Академияның ІІ курс студенті Диас Мұратхан «Жиырма бес» және т.б. халық әндерін еуропалықтардың назарына ұсынатын болады.

Яндекс.Метрика