Жастар және ғылым – 2019
Құрметті ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР!
Сіздерді М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2019 жылғы 12 сәуірде өтетін «Жастар және ғылым – 2019» атты VI Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.
Баяндамалар 2019 жылдың 20 наурызына дейін электронды нұсқада ұсынылуы тиіс.
Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы басып шығарылады.