Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жастар арасындағы діни идеология

2018 жылғы 27 қарашада «Жастар арасында бүлдіргіш діни идеологияның таралуының алдын алу» тақырыбына кездесу өтті.
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдамалық орталығының Мониторинг бөлімінің меңгерушісі және Астана қаласы әкімдігінің Діни проблемаларды зерттеу орталығының маманы Қазақстан Республикасындағы діни жағдай, әлеуметтік желілер арқылы жастарды бейқұрылымды экстремистік ұйымдарға тарту әдістері туралы, сондай-ақ бейқұрылымды интернет-контенттердің психологиялық әсер етуінен қорғану тәсілдері әңгімелеп берді. Соңғы кезде жаһандандыру үрдісі кейбір саяси күштердің өз мүдделері үшін дінді пайдалану үдерісімен, әлемде діни экстремизм мен терроризмнің таралуымен ерекшеленеді. Бұл күштер, өкінішке орай, жастардың ақыл-ойын, олардың рухани әлемін өзіне қаратып алуды көздейді.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев « Әлемдік саясатта біздің еліміз – талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз.” – деп атап өтті.

Яндекс.Метрика