Қабылдау комиссияларының байланыстары

Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясы мұражайының ашылуы болды

Қазақстан Республикасының елордасының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Рухани жанғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында Қазақ ұлттық  хореография академиясында жеке мұражай ашылды. Мұражайды ашу құқығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызына және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нүкетаева Динара Жүсіпәліқызына берілді.

Құрметті қонақтар ретінде іс-шараға Ахмедьяров Галым Алгиевич – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры, Кузембаев Валерий Альбекович – «Астана балет» театрының директоры, Женис Сейдоллаулы – «Қазақстан» ОКЗ директоры, Кочетов Леонид Владимирович – ҚР Ұлттық мұражайы директорының м.а., Теменов Талгат Досумгалиевич – Қуанышбаев атындағы театрдың көркемдік жетекшісі, Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары қатысты. 

Экспозицияда отандық хореография өнерінің қалыптасу тарихын бейнелейтін архивтік құжаттардың, фото- және бейне материалдардың көптеген түрлері ұсынылған. Бағалы экспонаттардың ішінде – Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев ашқан Тілектер кітабы, Қазақстан Республикасының Президенті 2026 жылға дейін салған Уақыт капсуласы, сонымен қатар республикалық және халықаралық олимпиадалар, конкурстар, фестивальдер жеңімпаздарының алғашқы дипломдары бар.   

Ашылу салтанатында академия оқушылары мен педагогтарының балет залынан сахнаға дейінгі өмірін көрсететін бірегей суреттер көрмесі қызықты болды. 

Мұражай экспонанттарының арасында академияға сыйға тартылған сыйлықтар ерекше орын алады. 

Яндекс.Метрика