Қабылдау комиссияларының байланыстары

Елбасы кемеңгер көшбасшы

Қазақстан Республикасының Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Академия оқушылары үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы дәріс өткізілді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті, сонымен қатар республиканың қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Міне, 30 жыл бойы ол Қазақстанның әл-ауқатын арттыру үшін қажымай еңбек етіп келеді. Жыл сайын Президент жаңа міндеттер мен мақсаттар қояды. Жуырда ғана Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялады, бұл мақала алдыңғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құруды ұсынады, онда атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылады. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Яндекс.Метрика