Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жыл сайынғы диплом тапсыру салтанатты рәсімі

2018 жылдың 28 маусымында Қазақ ұлттық хореография академиясының түлектеріне жыл сайынғы диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға түлектердің ата-аналары және Академия оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Диплом тапсыру салтанатын аша отырып, РФ Халық әртісі, «Парасат» орденінің кавалері, ректор түлектерді дипломы бар маман деген жаңа мәртебеге ие болуымен құттықтады және ата-аналарға және академияның оқытушылық-профессорлық құрамына өз алғысын білдірді. Алтынай Абдуахимқызы Академияның негізгі басымдылығы рухани және ұлттық өнерді қалыптастыру және дамыту екендігін атап өтті. 

Биылғы жылы 5 магистр, 17 бакалавр және 35 техникалық және кәсіптік білім түлегі дипломы бар маман болып шықты. Түлектер атынан алғыс білдіру сөзін «Астана Опера» театрының жетекші солисі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, магистратура түлегі – Таир Гатауов сөйледі.

Салтанатты рәсім қоштасу вальсімен және «Түлектер аллеясына» ағаш отырғызумен аяқталды.

 

Яндекс.Метрика