Қабылдау комиссияларының байланыстары

Д. Сушковтың жаңа кітабының тұсаукесері

23 қаңтарда Қазақ ұлттық хореография академиясында Дмитрий Сушковтың «Дуэт-классикалық биді қолдаудың негізгі түрлері» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Таныстырылым Академияның профессор-оқытушылар құрамының, сондай-ақ білім алушыларының қатысуымен болды.

Таспа кесу салтанатты рәсімі кезінде Академияның бірінші проректоры Бибігүл Нүсіпжанова құттықтау сөз сөйлеп, балаларды кітапхананың құнды басылыммен толығуымен құттықтады.

Кітап шығармашылық жоғары оқу орындарының, хореографиялық училищелерінің студенттеріне бағдарланған оқу-әдістемелік құрал болып табылады. Басылымда кітап авторы – Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының хореография факультетінің деканы (2012 ж. бастап), «Хореография режиссурасы» кафедрасының доценті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты (2014) Дмитрий Валентинович Сушковтың көп жылдық сахналық және оқытушылық тәжірибесі көрсетілген.

Яндекс.Метрика